ТҮРКІСТАНДА ШҰБАТ ПЕН САУМАЛДАН ЖАСАЛҒАН ҰНТАҚ ЭКСПОРТТАЛДЫ
ШҰБАТ ПЕН ҚЫМЫЗДАН ЖАСАЛҒАН ҰНТАҚ ЭКСПОРТТАЛДЫ
Түркістандағы «Голден Кэмэл» зауыты өзінің алғашқы өнімін экспортқа шығарды. Шұбат пен саумалдан жасалған 13 тонна ұнтақ Аспан асты елінің нарығына жол тартты. Тәулігіне 100 тонна сүтті қайта өңдеуге қауқарлы кәсіпорын келешекте Жапония, Корея, Ресей сынды алып елдердің базарын жаулап алуды көздейді.
Мемлекеттік жеке меншік әріптестік аясында Қытайлық инвесторлардың қаржылай демеуімен салынған кәсіпорын алғашқы өнімін шет елге экспорттады. Ондағы мақсат Отандық өнімді өзге ел нарығына таныту, әрі ұлттық брендті қалыптастыру, дейді кәсіпорындағылар. Зауыт шикізатты жергілікті халықтан сүттің әр литірін 500 бен 1000 теңге аралығында қабылдап жатыр. Бұл өңірдегі мал шаруашлығының дамуына негіз болмақ .
сурет әлеуметтік желіден алынды
«Бүгінгі таңда 80 шаруа біз түйе сатып алып осы жұмысымызды ілгерілетіп, түйесі барлар ары қарай дамытсақ деген ниеттерін білдіруде. Ол бойынша біз АШҚҚ арқылы 5 пайызбен несие беріп, қазіргі таңда Ақтөбе, Маңғыстау облыстарынан түйе сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр», деп атап өтті Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Нұржігіт Мырзахметов.
сурет әлеуметтік желіден алынды
Кәсіпорны толықтай соңғы үлгідегі заманауи қондырғылармен жабдықталған. Компютермен басқарылатын қондырғыларда жергілікті жастар еңбек етеді. 15 тонна түйе сүтінен өңделгенде 1 тонна құрғақ өнім алынады екен. Ал, экспортталған 13 тонна ұнтақ алу үшін 195 тонна сүт өңделіпті. Жалпы зауыт тәулігіне 100 тонна сүтті өңдеуге қауқарлы.
Әзірге толық қуатта жұмыс істеп жатқан жоқпыз. Соңғы 3-4 айдың көлемінде біз 100 тоннадан астам түйе сүтін қабылдап қайта өңдедік. Бүгінде түйе сүтін көбейту үшін әкімшілік тиісті жұмыстарды қолға алуда. Бұйыртса өнім көлемін арттырамыз. Біздің өнімнің 98 пайызы экспортқа шығарылады, деді зауыт директоры Янг ДЖЕ.
сурет әлеуметтік желіден алынды
Зауыт шығарған құтыда 330 грам ұнтақ бар.Ол суға араластырылғанда 3,5 литр дайын шұбатқа айналады екен. Түркістанда ашылған зауыттың Азияда теңдесі жоқ. Оған қоса бұл Ұлттық брендке лайықты өнімдердің бірі болмақ. Кәсіпорында 100-ге жуық ауыл адамдары жұмыс істейді. Оның 5-еуі ғана қытайлық мамандар.
turkistantimes.kz