ШЫМКЕНТТЕГІ ТОҚЫМА ФАБРИКАСЫ ЕЛІМІЗДЕГІ ТІГІН ЦЕХТАРЫН МАТАМЕН ҚАМТЫП ОТЫР

ШЫМКЕНТТЕГІ ТОҚЫМА ФАБРИКАСЫ ЕЛІМІЗДЕГІ ТІГІН ЦЕХТАРЫН МАТАМЕН ҚАМТЫП ОТЫР

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы ең үлкен кәсіпорындарының біріне айналған тоқыма фабрикасының жұмысымен танысты. Өндіріс орнында Мұрат Дүйсенбекұлы «AZALA Textile» комбинатының иіру, тоқыма, бояу-әрлеу, тігін цехтарының жұмысымен танысып, комбинаттың өндіріс қуаттылығын көрді.

«AZALA Textile» – еліміздегі тоқыма өндірісінің көшбасшыларының бірі. Серіктестік сырттан шикізат сатып алатындай мұқтаждығы жоқ, өз өнімі өзін толық қамтамасыз етуге жетеді. Мақта зауыты мен жіп, мата дайындау цехы толық күшінде.

Аталмыш тоқыма фабрикасы үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылған.

Компания жеңіл тоқыма өнімдерін өндіреді, көрпе тыстары мен жастық, сүлгілер, ақжаймалар мен басқа да тұрмыстық жағдайға қажетті бұйымдар шығарады.

Айына 500 тонна мақтаны өңдейтін фабрикада 1,5 миллион метр мата тоқылады. Өз өнімдерін республикамыздан бөлек алыс-жақын шетелдерге де экспорттайды. Мұнда қолданылатын шикізат отандық, яғни Оңтүстік өңіріндегі Мырзакенттен жеткізіледі. Онда 700-ден астам жұмысшы еңбек етуде.

Сонымен қатар, еліміздегі тігін цехтарынан медициналық бетперде жасауға қазір фабриканың сапалы маталарына, бөздеріне сұраныс артқан. Атап айтқанда, Шымкентпен қатар Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Ақтау қалаларынан тапсырыс қабылдауда.

 

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *