ШЫМКЕНТТЕ АНТИСЕПТИК ӨНДІРІСІ ҚУАТЫН АРТТЫРДЫ

ШЫМКЕНТТЕ АНТИСЕПТИК ӨНДІРІСІ ҚУАТЫН АРТТЫРДЫ

Бүгінгі таңда халық арасында медициналық бетперде мен қолға арналған антисептиктерге сұраныс жоғары. Сондықтан Шымкенттегі антисептик өнімдерін шығаратын кәсіпорын жұмыс қуаттылығын арттырған.

Қала тұрғындарының сұранысын қамту мақсатында қала әкімі Мұрат Әйтенов «Асем» ЖШС-нің жұмысымен арнайы барып танысты.

«Ордабасы» индустриалды аймағында орналасқан кәсіпорын күніне 4 тонна залалсыздандыру өнімдерін шығарып отыр. Ондағы 30-дан астам жұмысшы үш ауысымда жұмыс істеуде.

Кәсіпорын жұмысымен таныстыру барысында мекеме басшысы Мұхит Асанов нарықта сұраныс туындап жатса, өндіріс қуаттылығын арттыруға дайын екенін жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *