ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА БИЫЛ 800 МЛРД. ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛАДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА БИЫЛ 800 МЛРД. ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛАДЫ

slider
Түркістан облысында өткен 5 айда барлық негізгі салаларда оң өсім орын алды. Мәселен, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 238,2 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 30 млрд.-қа жуық теңгеге артты. Жыл басынан бері 15,3 млрд. теңге инвестиция бағытталып, өткен жылмен салыстырғанда өсім 2 есе артты. Жыл қорытындысымен облысқа 800 млрд.теңге инвестиция тарту жоспарлануда. Бұл туралы бүгін Түркістан қаласындағы «Farab» кітапханасының арнайы алаңында тікелей эфирде өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев айтты,-деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз мәслихатының «Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» тақырыбында өтті. Спикердің айтуынша, өңдеу өнеркәсібінде 110 млрд.- тан астам теңгеге өнім өндірілді.
«Облысқа 175,8 млрд. теңге инвестиция бағытталып, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37,3%-ға артты. Сонымен қатар, жеке инвестициялар есебінен жыл соңына дейін жалпы құны 255,5 млрд. теңгеге 3 243 жаңа жұмыс орнымен 80-нен астам инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Түркістан облысының өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы аясында облыс көлемінде 2018 — 2020 жылдары жалпы құны 39,1 млрд. теңгеге, 37 жоба іске асырылды. Биыл 81,4 млрд. теңгеге, 945 жаңа жұмыс орнымен 5 жобаны іске асыру жоспарлануда»,-дей келе, облыс әкімі әр бағыт бойынша атқарылып жатқан істерге жекелей тоқталды.
Түркістан облысының индустриалдық аймақтарында жалпы құны 41 млрд.теңгені құрайтын және 4 мыңнан астам жұмыс орынын ашуға мүмкіндік беретін 60 жоба жүзеге асырылуда. Биыл 1 865,3 млн.теңгеге, 683 жұмыс орнымен 6 жоба жүзеге асыру жоспарланған. Бүгінгі таңда, «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағының инвестициялық қоржыны жалпы құны 480 млрд.теңге құрайтын жалпы 50-ге жуық жобасы іске қосылды. Жалпы өнеркәсіп өнімі көлемін биыл 565 млрд.теңгеге жеткізу жоспарланған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *