АҢШЫЛЫҚ МАУСЫМЫ АШЫЛДЫ!
АҢШЫЛЫҚ МАУСЫМЫ АШЫЛДЫ!
Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы аңшылық маусымының ашылғанын хабарлайды. Дегенмен бұл бәріне бірдей саят құруға болады деген сөз емес. Оның да өз талаптары бар. Жыл басынан бері заңсыз аң аулаған 49 жағдай тіркелген.
Аумақтық инспекция мамандары «Шошқакөл» аңшылық-шаруашылық аумағында қорықшылық қызметімен бірлесіп саятшыларға түсіндірме және бақылау жұмыстарын жүргізді.
Тексеру жұмыстары барысында бір заңсыз аң-аулау фактісі мен екі заңсыз балық аулау фактісі анықталып, айыппұл салынды. Аң –құсты ату үшін де арнайы жолдама, рұқсат қағат қажет. Сондай-ақ, жануарларды аулауға арналған құралы тіркеуде болуы шарт.
Биыл аң-құсты атуға бөлінген лимит былтырғыдан 5 пайызға кем. Дегенмен, бұл үлес келер жылы көктемгі аңшылық маусымында артығымен орындалады.
Биыл инсфекция қызметкерлері заңсыз саяшылық жасаған 43 жағдайды анықтаған. 6 азаматқа айыппұл салынған.
Бір қуантарлығы жыл басынан бері қызыл кітапқа енген жаруардарды аулау оқиғасы тіркелмеген. Былтыр тыйым салынған аң-құсты атқан 4-жағдай анықталған болатын.
Бақыт Мұсалиев, Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инсфекциясының бөлім басшысы