ЖЕТІСАЙДАҒЫ ОТ ЖАҒЫЛМАЙТЫН ЖЫЛЫЖАЙ

 ОТ ЖАҒЫЛМАЙТЫН ЖЫЛЫЖАЙ

Қыстың қақаған  аязында да ешқандай от жақпастан өздігінен жылытылатын жылыжай. Түркістан облысының Жетісай ауданында тұратын Жұпарбек Керімбековтың бұл тәсілі көпшілікті таңғалдырып әрі қызықтырып  отыр.  Шаруа осындай тиімді әдіспен 15 жылдан бері есік алдындағы  жылыжайында көкөніс көшеттерін өндіріп келеді. Желтоқсан айында егілген қауын мен кәдінің тұқымы қазір жапырақ жайып, жайқалып тұр. Жұпарбек отбасымен бірге күн сайын өскіндерді арам шөптен тазартып шығады. Суарады. Кешкісін көшетердің бетін арнайы материалмен қымтап кетеді. Күндіз қайта ашады. Осылайша жылыжай ішінде бірқалыпты температура сақталады, деп жазды Қазақстан ұлттық телеарнасының тілшісі Ғани Қалмаханов .

Картинки по запросу "жылыжай фото"

Арасы 20 сантиметр болады бір пленка мен екіншісінің арасы. Ал одан кейінгісі үстіне ультрасил дейтін материал бар. Сол кезде мынаның іші түнде 18, күндіз 25-30 градусқа дейін жылиды. 2007 жылы бізде 26 градус суық болды. Соған ды шыдады. Суық ұрмай аман шықтық,  ШАРУА  ЖҰПАРБЕК КЕРІМБЕКОВ. 

Жұпарбек жылыжайды табиғи жолмен жылыту тәсілін өзбекстандық  шаруалардан үйреніпті. Жылда егістігіне қажетті 200 мың түп көшетті өзі өндіреді.      

  Жылыжай ішіне биіктігі 50 сантиметр болатын мынадай ағаш астаулар жасалған. Мақта талшығын өңдеу кезінде  қалған қозаның, қауашақтың, жапырақтың қалдықтары осы науаға әкеп төгіледі. Және ондағы шіру процесі жылдамырақ жүру үшін бетіне су себілген. Тек содан кейін ғана көкніс дәні себілген мынадай құтылар оның бетіне біркелкі етіп жайғастырылады, деп хабарлады ұлттық телеарна тілшіс   ҒАНИ ҚАЛМАХАНОВ  

Жылыжайдың аумағы 17 жүздік. Оны егер от жағып жылытатын болса бір қыста 30 тоннадай көмір қажет болады. Оның тоннасы қазір 25-26 мың теңге. Ал мақта қалдығының трактормен әкелетін бір  тіркемесін небәрі 7 мың теңге сатып алып жүр. Шаруа тиімді тәсілдің арқасында отынға кететін 1 миллион теңгедей ақшаны үнемдеп отыр. Онан бөлек түні бойы көмір  жағып, машақаттанбайды.

Көмірде мынадай: көп саласыңыз қатты ысып кетеді, Ал аз салсаңыз суып кетеді. Бұл жерде бірқалыпты. Шығыны аз. Далаға егілген соң біздікі  тезірек піседі. Әрі дәмді, сапалы болады,  деді шаруа ЖҰПАРБЕК КЕРІМБЕКОВ 

 Жұпарбек жылыжайда өндірілген көшеттерді  қазір егіс алқабына отырығызуда. Ерте егілген көкөністер мамыр айында пісіп жетіліп, өнімі жиналады. Жұпарбек жылыжай ісіндегі ерек тәжірибесін өзге шаруаларға да үйретуге бейілді. Тиімді тәсіл бұл саланы өрістетуге сеп жасамақ.   Қазір Жетісай ауданында жылыжай көлемі 23 гектарға жеткен., деп жазды Қазақстан ұлттық арнасының тілшісі Ғани Қалмаханов.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *