Шымкентте медициналық бетперде шығарыла бастады
Шымкентте медициналық бетперде шығарыла бастады
Мұнда 450 қызметкер күніне 500 мың масканы тігуге мүмкіндігі бар.
Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің тапсырмасы бойынша қаладағы бірнеше тігін кәсіпорны бүгіннен бастап медициналық маскаларды тігуді бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Солардың бірі — «Гауһар» тігін фабрикасы. Аталмыш фабриканың жұмысымен бүгін шаһар басшысы арнайы келіп танысты. Мұнда 450 қызметкер күніне 500 мың масканы тігуге мүмкіндігі бар. Осылайша қала тұрғындарының сұранысы толық қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, маскалар тұрақты бағамен сатылады.
http://ernur.kz/shymkent/shymkentte-meditsinalyk-betperde-shygharyla-bastady