Елжан Біртанов: Медициналық ұйымдарда санитарлық-карантиндік шаралар күшейтілді

Елжан Біртанов: Медициналық ұйымдарда санитарлық-карантиндік шаралар күшейтілді

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медициналық ұйымдарда санитарлық-карантиндік шаралар күшейтілгенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елжан Біртанов: Медициналық ұйымдарда санитарлық-карантиндік шаралар күшейтілді

«Бүгіннен бастап барлық медициналық ұйымдарда санитарлық-карантиндік шаралар күшейтілді. Ауруханаларда, медициналық-әлеуметтік мекемелерде, қарттар үйлерінде, интернеттарда карантин күшіне енеді. Осы карантин бойынша бұл мекемелерге тек қана сонда жұмыс істейтін азаматтар кіргізіледі, яғни бөтен адамдар аталған орындарға кіргізілмейді. Сонымен қатар сарнитарлық-дезинфекциялық режім күшейтіледі», — деді министр онлайн форматта өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің атап өтуінше, медициналық мекемелерде дыбыс жазбасына фото және бейне түсілімге тыйым салынады.

«Барлықтарыңызды бұл төтенше жағдайда сабырлық сақтауға шақырамыз. Бұл емделетін инфекция екенін білесіздер. Осы орайда қажетті шараларды ұйымдастыру бағытында бізде барлық жағдай бар. Барлық санитарлық жұмыстар қабылданып жатыр. Тиісті сұрақтар бойынша біздің арнайы колл-орталықтағы 1406 нөмірі арқылы және ғаламтордағы сайттар әрі әлеуметтік желілерд бойынша ақпарат алуға болады», — деді Елжан Біртанов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Нұр-Сұлтанда коронавирус бойынша тағы 14 жаңа науқас тіркелді. Осылайша, қауіпті індетпен ауырғандар саны 27-ге жетті. Оның ішінде 16 жағдай — Нұр-Сұлтанда, 11 факті — Алматыда тіркелген.

https://www.inform.kz/kz/elzhan-birtanov-medicinalyk-uyymdarda-sanitarlyk-karantindik-sharalar-kusheytildi_a3626032

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *