«Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасының 2 тәулігінде 11 құқық бұзушылық анықталды
«Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасының 2 тәулігінде 11 құқық бұзушылық анықталды
Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ағымдағы жылдың 22-26 ақпан аралығында есірткінің заңды айналымы саласында құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Іс-шараның мақсаты Шымкент қаласының аумағында есірткі құралдарының, жүйкеге әсер ететін заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына тосқауыл қою, контрабандалық әкелу мен әкетуді, сондай-ақ бақылаудағы заттарды заңсыз айналымға шығару деректерін анықтау және жолын кесу болып табылады. Аталған іс-шара аясында химия-фармацевтикалық, өнер кәсіптік, жеке кәсіпкерлік субъектілері, дәріханалар мен медициналық мекемелерінде құрамында есірткі құралдары және психотроптық заттары бар дәрі-дәрмектер заңсыз айналымға түсуіне жол бермеу, арнайы рұқсатсыз жеке медициналық тәжірибемен және жеке фармацевтикалық жұмыспен айналысатын тұлғаларды анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Іс-шараның 2 тәулігінде есірткіге қатысты 11 құқық бұзушылық анықталып, 1 бұрын жасалған қылмыс ашылды. Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі