М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚМУ ОҚУ ҮРДІСІН ТОЛЫҚТАЙ ОНЛАЙН РЕЖИМГЕ КӨШІРДІ

 Бүгіннен бастап еліміздегі барлық жоғары оқу орындары онлайн режимге көшті.  М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚМУ  қашықтықтан оқытуды бастаған  Шымкенттегі білім ошақтарының бірі .

Нет описания фото.

Іргелі оқу  ордасындағы  28 мыңға жуық студент қазір  үйлеріне қайтарылып, интернет желісінің көмегімен оқуларын жалғастыруда.  Жатақханада қалғандары да бар. Олар Түркіменстаннан және шалғай ауылдан келген  жастар. Университеттегі бірқатар кабинеттер арнайы жабдықталып, оқытушылар сол жэерде интернет арқылы шәкірттерге тапсырма беруде.   Президент тапсырмасына сәйкес  біздің білім ұясы осындай режимге көшті, дейді М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры Дария Қожамжарова.

Жалпы оқу ордасында платформа жыл сайын жаңартылып отырады. Ода 89 компютер   бөлмесі мен 10 мультмедиялық кабинет бар. Оқытушылар  қалаған уақытында келіп, мобильді құрылғылар арқылы өзіне қажетті мәліметтер алып, студенттерге тікелей видеобайланыс арқылы тапсырма беріп, сабақ сұрай алады. Ол үшін ғаламтор толық қамтылған.«Біздер онлайн режимде оқуды бастадық. Қарап тұрсаңыздар, мына ОҚМУ-дың сайтына кіріп, өзіме қажетті кітаптар тізімін онлайн түрде ала аламын. Сондай-ақ, онлайн чат та бар. Ол жерде мұғалімдермен байланыста боламыз». М.Әуезов атындағы ОҚМУ магистранті Ибрагим Сыпатаев. 

Ал, егер студенттер тұратын аймақта интернет желісі нашар болса не жұмыс істемесе, оған түсіністікпен қарауға тырысамыз. Бірақ олар  төтенше жағдай біткен соң барлық тапсырмаларды оффлайн режимде тапсырады, дейді М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры  Дария Қожамжарова  

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *