Короновирусқа байланысты Алматы қаласы мешіттерінде дезинфекциялық жұмыстары жүргізілді
Алматы қаласы мешіттерінде дезинфекциялық жұмыстары жүргізілуде (ФОТО)
Ағымдағы жылдың 12 наурызында әлем халықтарына үрей тудырып жатқан коронавирустың алдын алу шараларына қатысты ҚМДБ арнайы Үндеу жариялаған-ды. Онда отандастырымыз бен мұсылман қауымын көпшілікпен өтетін ас-садақа мен жиындарды, іс-шараларды мүмкіндігінше кейінге шегеруге шақырған болатын. Сонымен бірге жамағатпен оқылатын жұма мен бес уақыт намазға қатысқан жағдайда құлшылықтан кейін қол беріп амандасудан, бір орынға жиналып дұға етуден сақтану қажеттігін атап көрсетілді. Azan.kz
Осыған орай, ҚМДБ-ның коронавирусқа байланысты жариялаған Үндеуін Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай және қала мешіттерінің бас имамдары кешегі өткен жұма намазында Үндеуді жамағатқа жеткізіп, ретімен түсіндірді.
Діни басқарманың Үндеуіне орай, Алматы қаласы «Аманқұл ата» мешітінің бас имамы Серікхан Ахмдиев КТК телеарнасына күн санап өршіп жатқан жұқпалы дерт жайында сұхбат беріп, қалың жұртшылыққа қажетті ақпарат жеткізілді.
Сонымен қатар, әрбір мешітте тәж вирусынан сақтану жолдары егжей-тегжейлі түсіндіріліп, қол жууға арналған «антисептиктер» орнатылды.
Ал, бүгін, Алматы қалалық мешіттерінде қажетті дезинфекциялық шаралар жүргізіліп, ғибадатхананың іші толығымен залалсыздандырылды.
Құрметті жамағат, қала тұрғындары!
Сіздерді, ҚМДБ Үндеуіне сай хәрекет жасап жатқан алматылық имамдарды қолдай отырып, төменде келген бірқатар сақтық шараларына мән беруге шақырамыз: мешітке бетперде (маска) киіп келу; Намаздан тыс мешітте топтаспау; Мешітке үйден дәрет алып келу; Мешітке кіргенде және намаздан соң қол беріп амандаспау; Намаздан кейін көп кідірмей, мешіттен шығу. Жамағатпен оқылатын намазға балиғатқа толмаған балаларды алып келмеу және қариялардың, науқастар мен әйелдердің жамағат намазына қатыспауы.
Алдағы кезде уақытша Жұманың қазақша уағызы айтылмайды. Намаз уақыты кірісімен, жұма намазы оқылатын болады. Жамағатпен тәспих тартылып, дұға жасалынбайды. Бұл тек жұма намазына қатысты. Қалған намаз уақытында ішкі тәртіппен жүретін болады.
Алла баршамызды ауру-сырқау мен қауіп-қатерден сақтасын. Әмин! Azan.kz
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі
https://azan.kz/kz/ahbar/read/almatyi-qalasyimeshitterinde-dezinfektsiyalyiq-zhumyistaryi-zhyrgizilude-12218