УЕФА Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасын тоқтатты

УЕФА Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасын тоқтатты

Еуропалық футбол қауымдастығы одағы (УЕФА) ресми түрде әлемнің басты еурокубоктары – Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасын тоқтатқанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ eurosport.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

«Еуропада COVID-19 вирусының таралуына байланысты, сондай-ақ әртүрлі елдердің осы жағдайға қатысты қабылдаған шешімдеріне орай келесі аптаға жоспарланған УЕФА турнирлерінің барлық матчтары кейнге шегерілді», – делінген хабарламада.

Аталған матчтардың қашан өтетіні кейінірек хабарланады. Сәйкесінше, 20 наурызға жоспарланған еурокубоктар ширек финалының жеребе тарту рәсімі де кейінге шегерілді.

Айта кетейік, бұған дейін футболдан маусым-шілде айларына жоспарланған Еуропа чемпионатының 2021 жылға шегерілетіні хабарланған.

L’Équipe басылымы Еуропалық футбол қауымдастығы одағының Еуро турнирін 2021 жылға шегеруге ниетті екені және бұл туралы 17 наурыз күні хабарлайтынын мәлімдеген.

Бұған дейін УЕФА Еуро-2020 матчтарына қатысатын елдер билігінен коронавирустың таралуына қарамастан, турнирді белгіленген мерзімде өткізуге жағдай жасауды сұраған болатын.

Сонымен қатар, англиялық «Арсенал» футбол командасының бас жаттықтырушы Микель Артетада COVID-19 вирусы расталғаннан соң, клубтың Лондондағы дайындық орталығы жабылғаны белгілі болды.

https://kaz.nur.kz/1845303-uefa-cempiondar-ligasy-men-europa-ligasyn-toktatty.html

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *