«Арсеналдың» бас бапкері коронавирус жұқтырды

«Арсеналдың» бас бапкері коронавирус жұқтырды

Лондондық «Арсенал» футбол клубының бас жаттықтырушысы Микель Артетадан коронавирус анықталды, деп хабарлады ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.

«Арсеналдың» бас бапкері коронавирус жұқтырды

Артетамен байланыста болған құраманың негізгі құрамы мен клуб мүшелері екі аптаға оқшауланады. «Арсенал» жаттықтыру орталығы жабылды, жақын арада болатын Англия чемпионатындағы клубтың матчтары болмайды.

«Жағдайдың бұлай болғанына өзім де таңқалып отырмын. Мен көңіл-күйім нашарлай бастағанда бірден-ақ тест тапсырған едім. Енді мен жұмысқа мүмкіндік бергенде ғана ораламын, — деді 37 жастағы испандық Артета.

Сенбі күні «Арсенал» «Брайтонмен» ойын өткізу керек болған, бірақ Премьер-лиганың бұл матчын кейінге қалдыруға тура келді.

https://www.inform.kz/kz/arsenaldyn-bas-bapkeri-koronavirus-zhuktyrdy_a3624376

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *