ҚОС КӨПІР КӨЛІК КЕПТЕЛІСІН АЗАЙТАДЫ

ҚОС КӨПІР КӨЛІК КЕПТЕЛІСІН АЗАЙТАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Бадам өзені бойында салынып жатқан қос көпірдің құрылыс жұмыстарымен танысып қайтты.

Алматы мен Ташкент бағытындағы А-2 тасжолының бойындағы ескі көпір қазір бұзылып, орнына жаңасы салынуда. Бұл көпір негізінен Батыс Еуропа — Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізін байланыстыратын маңызды нысан саналады.

Жоспар бойынша Ташкентке қарай бағыт алған ауыр жүк көліктері қаланың сыртымен, яғни А-2 автомобиль жолының бойында жатқан осы көпір арқылы өтеді.

Мұрат Дүйсенбекұлы көпір құрылысына отандық темір-бетон өнімдерін қолдануға баса назар аударып, құзырлы мекеме өкілдеріне құрылыс барысын қатаң қадағалауды, әсіресе сапасын анықтайтын зертханалық тексерулерді өз бақылауларына алуды тапсырды. Сонымен бірге араға ай салып, көпір құрылысын қайта көріп кетуге және құрылыс жұмыстары белгіленген кестеден қалып жатса, тиісті шаралар қабылдайтынын айтты.

Қала әкімі Бадам өзеніндегі екінші көпірдің де жағдайымен танысты. Мұрат Әйтеновтың айтуынша, жаңа көпір мегаполистің оңтүстігі мен солтүстігін байланыстыратын автокөлік дәлізіне айналмақ. Жалпы ұзындығы 130 метрді, ені 32 метрді құраса, құрылысты жүргізуге 1,2 млрд теңге жұмсалады. Бұл көпір Қонаев даңғылын ұзартуға арналған ауқымды жоспардың бір тармағы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *