Қазақстан Қытайдан кейбір жемістерді жеткізуді уақытша тоқтатты

Қазақстан Қытайдан кейбір жемістерді жеткізуді уақытша тоқтатты

© unsplash.com

© unsplash.com

Қазақстан Қытайдан кейбір жемістерді алып келуді уақытша тоқтатты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, 2 наурыздан бастап ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Қытай Халық Республикасынан сүйекті, шекілдеуікті және цитрусты дақылдарды (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 0808, 0809 және тиісінше 0805) алып келуге уақытша тыйым салды.

«Фитосанитарлық шаралар жөніндегі Халықаралық стандарттың ережелеріне сәйкес, Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті ҚХР-ның Бас кеден басқармасының атына карантинге жатқызылған өнімді алып келу кезінде халықаралық және бірыңғай карантин фитосанитариялық талаптарының бұзылуы туралы нотификация жолдады.

ҚХР карантин қызметі министрлік жолдаған ресми хабарламаны қарастырып, әрекет ету шараларын күшейтуді ұсынды», — делінген министрліктің хабарламасында.

https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazakstan-kyitaydan-keybr-jemsterd-jetkzud-uakyitsha-305854/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *