Дәурен Абаев: Бізге қазір арандатушылыққа бой алдырмай, елде тыныштықты сақтау керек

Дәурен Абаев: Бізге қазір арандатушылыққа бой алдырмай, елде тыныштықты сақтау керек

Дәурен Абаев: Бізге қазір арандатушылыққа бой алдырмай, елде тыныштықты сақтау керек

Бізге қазір арандатушылыққа бой алдырмай, этносаралық келісімді, бейбітшілік пен татулықты сақтап қалу керек.

Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Хабар» арнасының «Ашық диалог» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды және ҚазАқпарат тілшісі.

«Қордайда болған жағдайдан кейін бір ай өтті. Одан бері эмоциялар басылды. Кез келген мәселені салмақты талқылаған жөн. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы, Қордай ауданына жұмыс сапарымен Алғыс айту күні барды. Ол бұл жағдайға кінәлілер қай ұлт өкілі екендігіне қарамастан жазасын алатынын айтты. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы арандатушылыққа бой алдырмай, этносаралық келісімді, бейбітшілік пен татулықты сақтап қалу керектігін айтты», — деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.

Сондай-ақ министр Қасым-Жомарт Кемелұлы құқық қорғау органдарына сол ауданда контрабандалық бизнеске қатысы бар адамдардың барлығын анықтап, жазалауды тапсырғандығын жеткізді. «Қайғылы жағдайға осы контрабанда себеп болған. Сол күні бірқатар қалада болған митингтерге қатысты пікір білдіре алмаймын, себебі айтатын жаңа ештеңе жоқ. ҚР Ішкі істер министрілігі оған қатыстының бәрін түсіндіріп қойған. Бұл — рұқсатсыз болған митингтер. Мұндай шара өткізу үшін биліктің рұқсаты керек. Мұндай әрекеттер арнайы рұқсатсыз ұйымдастырылса заңға қайшы болады. Қазіргі уақытта бейбіт жиналыстар туралы заң талқылануда екенін айта кету керек. Мен жаңа ғана Қарағандыдан келдім. Ол жақта бұл заң жобасы өте жақсы талқыланды. Заң жобасына енгізуге болатын қызықты идеялар да айтылды», — дейді ол

https://www.inform.kz/kz/dauren-abaev-bizge-kazir-arandatushylykka-boy-aldyrmay-elde-tynyshtykty-saktau-kerek_a3622014

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *