Мемлекет басшысы Қазақстанның Украинадағы жаңадан тағайындалған елшісі Дархан Кәлетаевты қабылдады
Мемлекет басшысы Қазақстанның Украинадағы жаңадан тағайындалған елшісі Дархан Кәлетаевты қабылдады,деп хабарлады Ақорда
Кездесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық байланыстарды одан әрі дамыту, сауда-экономикалық қатынастарды жандандыру, IT технология саласындағы ықпалдастықты арттыру мәселелері сөз болды.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Дархан Кәлетаевқа бірқатар нақты тапсырма берді.