АЙТАХАНОВ АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚАРТТАР КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай ұйымдастырылған «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты мерекелік іс-шараға қатысты.

Бұл күні қарттарымыздың ғұмыр бойы істеген еңбектеріне әрі мемлекетіміздің қалыптасуына қосқан зор үлестеріне сай сый-құрмет көрсетілді.

Шарада қала басшысы ҰОС ардагерлерімен және ел ағаларымен сұхбаттасып, әлеуметтік мәселелер бойынша пікір алмасты.

Аға буын өкілдерінің өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері маңызды екенін айтқан Ерлан Қуанышұлы барша ел ағаларын ұлт руханиятына үздіксіз үлес қосуға шақырды.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Шымкент қаласында 80 мыңға жуық зейнеткер тұрады. Олардың ішінде 46-сы Ұлы Отан соғысының ардагері болса, 4131-і тыл еңбеккері. Ал, 10 мыңнан астамы «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» алған көп балалы аналар.
Шаһардағы ардагерлерімізге «Қамқорлық» акциясы шеңберінде қоғамдық көліктерде тегін жүруге, коммуналдық қызметтерге жеңілдіктер қолданылып келеді. Сонымен қатар, қарттарымызды сауықтыру және денсаулығын бақылау мақсатында жыл сайын жергілікті бюджет есебінен бес мыңнан астам ардагер денсаулығын түзеуге мүмкіндік алады.
Сондай-ақ, 80 жастан асқан жалғызілікті 160 қарияның зейнет ақыларына үстеме ақы төленеді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *