Әсіре байлар үстемдігінің салдарымен күресеміз – Тоқаев

Әсіре байлар үстемдігінің салдарымен күресеміз – Тоқаев

Әсіре байлар үстемдігінің салдарымен күресеміз. Бұл туралы Үкіметтің кеңетілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір еліміз күрделі кезеңді бастан өткеруде. Дүниежүзін жайлаған індеттің беті қайтпай тұр. Соның салдарынан елдегі іскерлік белсенділік төмендеп кетті. Жыл басында болған оқиғалар ұлттық қауіпсіздігімізге зор қатер төндірді. Біз осындай қиын жағдайда ел бірлігінің арқасында мемлекетіміздің қауіпсіздігін, тіпті тұтастығын сақтап қалдық»,- деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазір Үкіметтің басты міндеті халықтың әл-ауқатын арттыру, сондай-ақ азаматтардың табысындағы алшақтықты азайту және еңбек етуге қолайлы жұмыс орындарын ашу екендігін баса айтты.

«Біз жұрттың бизнеспен айналысуына тең мүмкіндік береміз. Қоғамымызда белең алған сыбайлас жемқорлық пен экономикадағы әсіре байлар үстемдігінің салдарымен күресеміз. Бәріміз елдің игілігі үшін қызмет етуге тиіспіз», — деді ҚР Президенті.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *