«Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 21 автокөлік айыппұл тұрағына орналастырылды
«Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 21 автокөлік айыппұл тұрағына орналастырылды
Республикалық «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы ағымдағы жылдың 8-16 ақпан аралығында өтуде. Осы іс-шараның алты күн ішінде қала көшелерінде жалпы 1050 автокөлік тексеріліп, олардың айыппұл төлеу қажеттігі туралы жалпы 7 млн 938 мың 485 теңгені құрайтын 695 нұсқама ұсынылды.
Айыппұл төлеуден жалтарып жүрген жүргізушілерге бейнебақылауда интегра жүйесі және «автоураган» арнайы көлігі арқылы жеке сот орындаушылардың атқару құжаттарымен шектеу қойылып, 21 автокөлік айыппұл тұрағына орналастырылды.
«Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы ағымдағы жылдың 16 ақпанға дейін жалғасын табатын болады.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі