ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Шақпақ ауылындағы көпбалалы Ақбала Өмірзақованың жанұясы баспаналы болды. Пәтерден пәтерге көшіп, жалдамалы үйде 4 баланы асырап, өмір сүріп келе жатқан отбасыға сыныптастары 1999 жылы мектепті бітірген түлектер 20 жылдық кездесулерінде сауапты іс жасады. Шақпақ ауылынан 3 бөлмелі пәтер кілтін тарту етіп, жергілікті көпбалалы ананы қуанышқа кенелтті. Сонымен қатар, өздерінің сыныптастары Ақбала Өмірзақованың үйіне көрімдік ретінде тұрғын үйге қажетті тұрмыстық жиһаздар алып беріп, азық-түлікпен қамтамасыз етіп, көмек көрсетті. Баспанаға ие болған көпбалалы отбасы Ақбала Өмірзақова сыныптастарына алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді. Айта кетерлік жайт, Ақбала Өмірзақованың жолдасы ерте қайтыс болған. Төрт ұл-қызы бар. Үлкені 8-сыныпта, кішісі дайындықта оқиды. Жалпы Бәйдібек ауданында туған жерді түлетуге атсалысып, қайырымдылық жасап жатқан азаматтар жетерлік. Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Шақпақ ауылындағы көпбалалы Ақбала Өмірзақованың жанұясы баспаналы болды. Пәтерден пәтерге көшіп, жалдамалы үйде 4 баланы асырап, өмір сүріп келе жатқан отбасыға сыныптастары 1999 жылы мектепті бітірген түлектер 20 жылдық кездесулерінде сауапты іс жасады. Шақпақ ауылынан 3 бөлмелі пәтер кілтін тарту етіп, жергілікті көпбалалы ананы қуанышқа кенелтті. Сонымен қатар, өздерінің сыныптастары Ақбала Өмірзақованың үйіне көрімдік ретінде тұрғын үйге қажетті тұрмыстық жиһаздар алып беріп, азық-түлікпен қамтамасыз етіп, көмек көрсетті.
Баспанаға ие болған көпбалалы отбасы Ақбала Өмірзақова сыныптастарына алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді. Айта кетерлік жайт, Ақбала Өмірзақованың жолдасы ерте қайтыс болған. Төрт ұл-қызы бар. Үлкені 8-сыныпта, кішісі дайындықта оқиды. Жалпы Бәйдібек ауданында туған жерді түлетуге атсалысып, қайырымдылық жасап жатқан азаматтар жетерлік.
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі