Түркістан облысында өнеркәсіптік өнім өндірісі өсті
Түркістан облысында өнеркәсіптік өнім өндірісі өсті
Түркістан облысында өнеркәсіптік өнім көлемі 2019 жылы 500 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 245 млрд теңге өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Өңдеу өнеркәсібінің көрсеткіштері тамақ өнімдері өндіру, жеңіл және химия өнеркәсібі, машина жасау, фармацевтика өндірісі және басқа да бейметалл минерал өнімдер өндірісі тәрізді салаларда артты.
Облыс әкімдігінен хабарлағандай, өнеркәсіптік өндірістің өсу қарқынын арттыру мақсатында 2019 жылы кәсіпкерлікті қолдау бойынша нәтижелі жұмыстар жүргізілді. 2019 жылы Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында 22 млрд теңге бөлінді. Барлығы 800-ден аса жұмыс орны құрылды. 2020 жылға қарай тағы 11 жобаны іске асыру көзделген.
Үкімет мемлекеттік сектор сатып алуларында жергілікті контент үлесін арттыруды тапсырды. Осыған байланысты «қарапайым заттар экономикасы» саласында тауарларды сатып алуда жергілікті қамту үлесінің нысаналы көрсеткіштерін мемлекеттік ұйымдар өткен жылы біршама арттырылды. Атап айтқанда, жеңіл өнеркәсіп тауарлары 60 %, жиһаз — 62 %, құрылыс материалдары — 67%, азық-түлік өнімдері — 85% орындалды. Соңғы бағыт бойынша Түркістан облысының көрсеткіштері еліміз бойынша бірінші орында.
Электрмен қамту, газ беру, бу мен ауаны кондициялау көлемі 27 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі 108,7% құрады, «сумен қамту, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылау» саласында жұмыс көлемі 6,9 млрд теңгені немесе 132,9% құрады.
Аса маңызды өнім түрлерінен мұнай өнімдерінің өндірісі ұлғайды — 9,4% (250,7 мың тонна), мақта талшығы өндірісі — 4,4% (72,2 мың тонна), электр қуаты — 30,2% (512,6 млн кВт/сағат) ұлғайды.
https://primeminister.kz/kz/news/reviews/2019-zhyly-turkistan-oblysynyn-damuy-ekonomikasy-zhu-myspen-k-amtu-turizmi