40 КҮНДЕ 40 МАС ЖҮРГІЗУШІ

Түркістан облысының полицейлері 40 күн ішінде мас халде көлік басқарған 40 жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Осы жылдан бастап Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мас халде көлік жүргізген жүргізушілерге байланысты талаптарды қатаңдатуы бойынша, тәртіп сақшылары жолдағы құқықбұзушыларға сан алуан рейдтік шараларды атқаруда. Түркістан облысы бойынша полиция қызметкерлерімен түнгі уақытта рейдке шығуы нәтижесінде 2020 жылдың 1-қаңтарынан ақпан айының 10-на дейін 40 күн ішінде 40 жүргізуші мас халде ұсталды. Оның ішінде өткен қаңтар айында — 31 адам, ал ақпанда — 9 адам ішімдік ішкен күйі көлік жүргізіп, заң бұзған. Ұсталған адамдардың барлығына ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша хаттамалар толтырылған. Облыстық полицейлерге жолда жүру ережелерін бұзушыларды анықтап қана қоймай, түсіндіру және профилактикалық жұмыстарды белсенді жүргізу міндеті де қойылды. Себебі жол-көлік оқиғалары көбіне рөлге мас күйінде отыру салдарынан болады. Сондай-ақ жиі жол апатын тудыратын жайттар -жылдамдықты асыру, маневр жасау ережесін бұзу, көше қиылыстарын дұрыс өтпеу, қарсы бағытқа шығу.

ERNUR.KZ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *