Түркістан облысында екпіні күшті желден мектептің шатыры қирады

Түркістан облысында екпіні күшті желден мектептің шатыры қирады

Түркістан облысында екпіні күшті желден жергілікті ауылдық мектептің шатыры қирады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысының Төле би ауданы Жыланбұзған ауылында жел екпіні секундына 26 метр болып, ауылдағы үш қабатты орта мектептің (көлемі — 1000 шаршы метр) шатырын жұлып кетті.

Зардап шеккендер мен қаза тапқнадар жоқ. Оқиға орнында ТЖД қызметкерлері мен комиссия жұмыс істеп жатыр.

Осыған дейін Astana Arena  спорт кешені шатырының бір бөлігі қалың қардың салдарынан қирағаны айтылды.

https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/turkstan-oblyisyinda-ekpn-kusht-jelden-mekteptn-shatyiryi-304976/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *