Анар Қайырбекова ректор қызметінен босатылды

Анар Қайырбекова ректор қызметінен босатылды

Анар Қайырбекова Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры қызметінен босталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Анар Қайырбекова. Фото: okmpi.kz

«Еңбек кодексін, «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңын және «ОҚМПУ» КЕАҚ Жарғысын басшылыққа ала отырып, ҚР БҒМ бұйрығымен 7 ақпанда Анар Қайырбекова қызметінен босатылды.

Өкінішке орай, жұмысты ұйымдастыру барысында Анар Қайырбекова тарапынан кемшіліктерге жол беріліп, Білім және ғылым министрлігімен белгіленген міндеттер орындалмаған.

Бос лауазымға орналасуға конкурс қорытындысы аяқталғанға дейін проректорлардың бірі Басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды», — делінген БҒМ хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, Анар Қайырбекова Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры болып 2019 жылдың 21 қазанында тағайындалды.

Кейін ол өзінің жаңа қызметіне қатысты пікір білдіріп:

«Міне, қазір ректор қызметіне тағайындалдым. Мен ерте ме, кеш пе ректор болар едім. Мен қызметте қайта қалыпқа келу қағидасын берік ұстандым», — деген еді.

https://kaz.nur.kz/1840049-anar-kajyrbekova-rektor-kyzmetinen-bosatyldy.html

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *