Хоккей: Қазақстан құрамасы бірінші орынға көтерілді

Хоккей: Қазақстан құрамасы бірінші орынға көтерілді

Хоккей: Қазақстан құрамасы бірінші орынға көтерілді

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы 2022 жылғы Қысқы Олимпиадаға үшінші іріктеу кезеңіндегі екінші ойында Нидерландымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық хоккейшілер Н тобында Украина, Нидерланды және Польша құрамаларымен іріктеу кезеңінің келесі сатысына берілетін жалғыз жолдама үшін таласады. Кеше Қазақстан құрамасы Украинадан 8:1 есебімен басым түсті . Ал Нидерланды хоккейшілері Польшаға 0:8 есебімен есе жіберді. Нидерланд шайбалы хоккей федерациясы 1935 жылы тұсауын кескен. Алғашқы құрылған жылы әлем чемпионатында бақ сынап, ең соңғы орынды қанағат тұтты. Бұл құрама 1980 жылы Олимпиада ойындарында жалпы командалық есепте сегізінші орынға қол жеткізді. Әлем чемпионатында 1950, 1981 жылдары сегізінші орын алды. Айта кетерлігі, Нидерланд құрамасы бүгінгі күнге дейін 7 мәрте кездесті. Оның барлығында қазақстандық хоккейшілер жеңіске жетті. Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының 2019 жылғы көрсеткіші бойынша әлемдік рейтингте 28-орында тұр.

Бүгінгі кездесуде қазақстандық хоккейшілер ойын тізгінін өз қолына алды. Алғашқы минуттан қарсыластар қақпасы маңында жиі бой көрсетті. Небәрі 1-минутта қазақстандық хоккейші Джесси Блэкер есеп ашса, 8-минутта Даррен Диц есепті ұлғайта түсті. Ал 10-минутта Евгений Рымарев мергендік танытып, қазақстандық құрама қарсыласынан бірінші кезеңде 3:0 есебімен басым түсті. Екінші кезеңнің 22-минутында Валерий Орехов нидерландылық хоккейшілер қақпасын дәл көздеді. Ойынның 37-минутында нидерландылықтар бір голмен жауап қайырды. Қазақстандық Талғат Жайлауов 53, 58-минуттарда қарсыластар қақпашысын қапы қалдырды. Бүгінгі ойында Қазақстан құрамасы қарсыласын 7:1 есебімен жеңді. Қазақстандық хоккейшілер өз тобында бірінші орынға көтерілді. Енді Қазақстан құрамасы 9 қаңтарда Польшамен кездесті. Польша бүгін Украинаны 6:1 есебімен тізе бүктірді. Іріктеу кезеңінің финалдық сатысына жолдама алу үшін қазақстандық хоккейшілер өз тобында бірінші орын алуы тиіс. Жарыстың аталмыш сатысында қазақстандық хоккейшілер 2020 жылдың 27-30 тамызы аралығында Словакия, Норвегия, Латвиямен шеберлік байқасады. Қазақстан құрамасы Қысқы Олимпиада ойындары тарихында екі мәрте бақ сынаған болатын. 1998 жылы ширек финалға дейін жетсе, 2006 жылы жалпы есепте тоғызыншы орын алды.

https://www.inform.kz/kz/hokkey-kazakstan-kuramasy-birinshi-orynga-koterildi_a3612380

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *