ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ АУМАҒЫНДА СУ ТАСҚЫНЫ ЖАҒДАЙЫ БІР ҚАЛЫПТЫ

2020 ЖЫЛЫ 29 КӨШЕГЕ ИРРИГАЦИЯЛЫҚ ЛОТОКТАР САЛУ ЖОСПАРЛАНУДА

Шымкент қаласындағы ирригациялық жүйені дайындыққа келтіру мен өзен арналарын күтіп ұстау мақсатында 2019 жылдың бюджетінен қаржы бөлінді.

Сонымен қатар 19 тұйық ирригациялық учаскелерді жою, қаланың 12 көшесінде (Абай ауданы — 2850 м, Әл-Фараби ауданы — 1345 м, Еңбекші ауданы — 1272 м) қосымша ирригациялық лотоктарды салу және жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін де қаржы қарастырылды.

Ағымдағы жылға да өзендердің арналары мен ирригациялық лотоктарды күтіп ұстауға қаржы қаралып, жалпы ұзындығы 59 км болатын 29 көшеге ирригациялық лотоктар салу жоспарлануда

 

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ АУМАҒЫНДА СУ ТАСҚЫНЫ ЖАҒДАЙЫ БІР ҚАЛЫПТЫ

Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының ТЖД бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Н.Дербісов ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен бапасөз брифингінде мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, қаладағы 4 су қойманың жағдайы қанағаттанарлық. Оларға алдынғы жылдары меншік иелерімен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ҚР ІІМ аумақтық бөліністерінің күш және құралдары дайындыққа келтірілген.

Яғни, 487 адам, 60 бірлік техника, 28 жүзу құралдары мен 38 мотопомпа (ТЖД – 297 адам ж/қ, 49 техника және 28 жүзу құралдары, 38 мотопомпа, Ұлттық ұлан – 100 адам ж/қ және 5 техника, Полиция департаменті – 90 адам ж/қ және 6 техника).

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *