ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА COVID-19 ІНДЕТІНЕ ШАЛДЫҚҚАН ЖҮКТІ ӘЙЕЛ ДЕНІ САУ БАЛА БОСАНДЫ
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА COVID-19 ІНДЕТІНЕ ШАЛДЫҚҚАН ЖҮКТІ ӘЙЕЛ ДЕНІ САУ БАЛА БОСАНДЫ
«Келіншектің бұл тұңғыш сәбиі. Есепке алынып, үй жағдайында бақылауда тұратын келіншектің жағдайына қарай әрекет жасап, аман-есен босандырып алдық. Қазірде сәбидің де, анасының да жағдайы қанағаттанарлық»,-дейді «Жетісай» аудандық ауруханасы перзентхана бөлімінің меңгерушісі Айнагүл Әміреева.
Әлемдік деңгейде қауіп төндіріп, адамзат баласының алдын ораған ауруға байланысты жарияланған төтенше жағдай мен карантиндік режимге қарамастан дәрігерлердің кәсібилігінің нәтижесінде жыл басынан бері Жетісай аудандық перзентханасында 2800 сәби дүниеге келген. Олардың 50-і егіз болса, 400-ге жуығы ота арқылы туылған. Бүгінде барлығының денсаулығы жақсы.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі