Отырарда қарақшылық жасағандар ұсталды
Түркістан облысының криминалдық полиция қызметкерлері жергілікті тұрғынның үйіне қарақшылық шабуыл жасағандарды ұстады
Отырар ауданының тұрғыны түн ортасында үйіне шабуыл жасағанын айтып арызданған. Жәбірленушілердің айтуынша бетперде киген белгісіз үш адам терезе арқылы баса көктеп кіріп, ұйықтап жатқан ерлі-зайыптыларды пышақпен қорқытып, жұбайын байлап тастаған соң қымбат тоны мен алтын бұйымдарын, 4 ұялы телефонды және тіркелген екі аңшы мылтығын алып оқиағ орнынына қашып кеткен. Оқиға орнына Түркістан Облыстық Ішкі Істер басқармасының басшысы, Генерал, Қайрат Дәлбековтың өзі барып, тікелей операцияға жетекшілік еткен. Аталғанжайт ҚР ҚК 192-бабы «Қарақшылық» бойынша СДТБТ-ға тіркелген. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктілердің жеке басын анықтаған.
Криминалдық полиция қызметкерлері мен Отырарлық полицейлер бір тәулік ішінде қарақшылық шабуыл жасаған қылмыстық топты ұстады. Олар Отырар, Мақтарал аудандарының, Шымкент қаласының және Нұр-сұлтан қаласының тұрғындары болып шықты. Оның біреуі бұрын сотты болған. Күдіктілер Шымкент қаласының көшелерінің бірінен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Тергеу барысында 4 жас жігіттен тұратын қылмыстық топ қарақшылық жолмен алынған алтын бұйымдарын ломбардқа өткізгені анықталды. Сондай-ақ тәртіп сақшылары, күдіктілер қылмыс іздерін жасыру үшін көміп қойған мылтықтарды тауып, айғақты зат ретінде тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады
Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.