Шымкент полицейлері «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясының бірінші күнін қорытындылады

Шымкент полицейлері «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясының бірінші күнін қорытындылады

Бүгін, 2019 жылғы 15 қараша күні таңғы сағат 9-00-ден кешкі сағат 19-00-ге дейінгі уақытта Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері өткізген «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясы барысында 754 адам келіп, өз сұрақтарына қажетті жауаптарын алды.

 

Еске сала кетейік, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен екі күн бойы, яғни 2019 жылғы 15-16 қараша күндері республика көлемінде «Жолдағы қабылдау» акциясы өткізілуде.

 

Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауатын және олардың жол қауіпсіздігі ережелерін сақтаудағы жауапкершілігін арттыру, тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, қоғам мен билік арасындағы байланыс алаңын кеңейту, азаматтардың жеке түсініктері мен жауапкершіліктерін сезіндіру, жол апаты келеңсіздіктерін алдын алып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, миграциялық заңдылықты сақтау, азаматтардың полицияға деген сенімін арттыру болып табылады.

 

«Жолдағы қабылдау» республикалық акциясы ертең, яғни 16 қараша күні сағат 9-00-ден кешкі сағат 19-00-ге дейін жалғасын табады.

Шымкент қ. ПД-нің Баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *