ЖЕТІСАЙЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР СУҒА АҒЫП БАРА ЖАТҚАН 12 ЖАСАР БАЛАНЫ ҚҰТҚАРЫП ҚАЛДЫ

Жетісайлық полицейлер суға ағып бара жатқан 12 жасар баланы құтқарып қалды. Бұл туралы Түркістан облыстық  ішкі істер басқармасының басшысы, генерал Қайрат Дәлбеков фейзбук  әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

На изображении может находиться: 1 человек, стоит

Жас баланың суға ағып бара  жатқаны туралы хабарлама түсісімен тәртіп сақшылары шұғыл арада оқиға орнына жеткен.  Анықтаушы Нұрымбетов Марат Рахметұлы  арыны қатты суда  бір батып, бір шығып бара жатқан баланы көрісімен көп ойланып тұрмастан суға секіріп кеткен. Қыстың ызғарылы суығында арыны қатты ағыспен арпалысып жүріп жеткіншекті жағаға алып шыққан. Тәртіп сақшылары баланы көлікпен тездетіп аудандық ауруғана жеткізген. Жолай су жұтып, денесі мұздап қалаған баланың аяқ-қолын уқалап алғашқы медицицналық жәрдем көрсеткен. Дер кезінде көмекке келген тәртіп сақшылары осылайша  12 жасар баланы аман алып қалды. Бұлдіршіннің ата-анасы басын бәйгеге тігіп, өзіне төнген қауіпке қарамастан  презентіне жаңа өмір сыйлаған полицейлерге шексіз алғысын білдірді. Өйткені  өңменнен өтетін каналдың тастай суық суынан кімнің болса да  аяқ-қолы тартылып қалуы ғажап емес, еді. Сондықтан тәртіп сақшыларына деген дүйім жұрттың алғысы ерен.

turkistantimes.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *