Тоқаев Путинге көмек көрсеткені үшін алғыс айтты
Тоқаев Путинге көмек көрсеткені үшін алғыс айтты
Қазақстан мен Ресей Президенттері телефон арқылы сөйлесті, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Ресей Федерациясының Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі жалпыхалықтық дауыс берудің нәтижелі өтуімен құттықтады.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге коронавирус індетінің таралуына қарсы күресте елімізге гуманитарлық көмек көрсету мақсатымен дер кезінде шешім қабылдағаны үшін ризашылық білдірді.