«ҚАМҚОРЛЫҚ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА 20 ОТБАСЫ ҮЙЛІ БОЛАДЫ

«ҚАМҚОРЛЫҚ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА 20 ОТБАСЫ ҮЙЛІ БОЛАДЫ

«ҚАМҚОРЛЫҚ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА 20 ОТБАСЫ ҮЙЛІ БОЛАДЫ

Аймақтық «Қамқорлық» бағдарламасы Келес, Жетісай, Мақтаарал, Сарыағаш, Төлеби, Түлкібас, Арыс, Сайрам, Ордабасы, Бәйдібек аудандары мен Түркістан, Кентау қалаларында қарқынды жүзеге асуда. Жаңадан бастау алған жоба аясында Қазығұрт ауданында анықталған баспанасыз 20 отбасының барлығы үйлі болады. Бұл мақсатта жергілікті билік демеушілермен кесіссөздер жүргізуде.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында әлеуметке қатысты бірқатар тапсырмалар берген болатын. Соның бірі – көпбалалы отбасыларға әлеуметтік жағынан барынша қолдау білдіру. Осы тапсырма аясында Түркістан облысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен қолға алынған «Қамқорлық» жобасы жүзеге асуда.

Түркістан облысында 700-ден астам отбасы «Қамқорлық» кешенді бағдарламасы бойынша жан – жақты көмек алды. Жоқшылық тауқыметін тартқан жандарға қосымша әлеуметтік қолдау көрсетудегі жаңа жоба аясында 1534 отбасына, яғни, 6643 адамға көмек көрсетілмек. Ол үшін жергілікті бюджеттен 1,6 млрд теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсету көзделген.

Қайырымды іске жергілікті атқарушы орган өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары мен «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы бастаған бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері және жеке кәсіпкерлер қатысуда. Осы уақыт арасында аудан, елді-мекен тұрғындарын қажетті азық-түлікпен қамтып, керек болған жағдайда медициналық жәрдем беріп, тұрақты жұмысқа орналастырып, мамандығы жоқ азаматтарға қайта оқу курстарына жолдама берген. Кей отбасыларға демеушілерді тарта отырып үй салынады. Жаңа жоба аудан-қалалардағы көмекке зәру, кедейлік шегіндегі отбасыларды анықтап, аяғынан тұрғызуды көздейді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *