А. Мамин инновациялар мен цифрландыру саласындағы шетелдік сарапшылармен кездесулер өткізді

А. Мамин инновациялар мен цифрландыру саласындағы шетелдік сарапшылармен кездесулер өткізді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Digital Almaty: жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» форумына қатысу үшін Алматы қаласына келген цифрландыру және инновациялар саласындағы шетелдік іскерлік, үкіметтік және сарапшылық орта өкілдерімен кездесулер өткізді.

«Amazon Web Services» үкіметті трансформациялау жөніндегі директоры Л. Максвеллмен кездесуде Үкімет басшысы компания басшылығын Astana IT University-мен кадрлар даярлау бойынша ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ Astana IT Hub базасында жобаларды жүзеге асыруға шақырды.

Ұлыбританияның Мемлекеттік цифрлық қызметінің директоры К. Фергюсонмен келіссөздер барысында мемлекеттік қызмет көрсету саласын, салық жүйесін цифрландыру, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау, сондай-ақ АТ-мамандарын даярлау мен олардың біліктілігін арттыру бойынша тәжірибе алмасу мәселелері қаралды.

БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) инновациялар жөніндегі аға кеңесшісі К. Фабианмен кездесуде орта білім беру мектептерін интернетке жоғары жылдамдықты қолжетімділікпен қамтамасыз етуге және инновациялық стартаптарды дамытуға бағытталған GIGA бастамасын іске асыру бойынша Қазақстанда ЮНИСЕФ-тің өңірлік хабын ашу перспективалары талқыланды.

https://primeminister.kz/kz/news/a-mamin-provel-vstrechi-s-zarubezhnymi-ekspertami-v-oblasti-innovaciy-i-cifrovizacii

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *