«ТҮРКІСТАН: КӨНЕ МЕН КЕЛЕШЕК КӨПІРІ» ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ЖАЛҒАСУДА
«ТҮРКІСТАН: КӨНЕ МЕН КЕЛЕШЕК КӨПІРІ» ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ЖАЛҒАСУДА
Елдегі карантин шектеулеріне байланысты мәдени іс-шаралар тек онлайн форматта өтіп жатыр. Фестиваль жергілікті санитарлық эпидемиологиялық құзіретті мекемелер рұқсаты негізінде, барлық санитарлық талаптар қатаң сақтала отырып, көрерменсіз өткізілуде.
Өнер кешінде дарынды балалардың музыкалық, орындау мәнері, сахна мәдениеті мен шығармашылық даралығы бағаланды. «Сазгерлер шығармашылығы», «Виа және эстрада жеке орындаушылар», «Жұлдыздар», «Таңшолпан» халықтық би ансамбльдері, «Балауса» би ансамблі өз өнерлерін ортаға салды. «№1 балалар өнер мектебі» КММ халық аспаптар оркестрі оқушылар ұжымы және басқа да танымал топтар мен әншілер өнер көрсетті.
Қатысушылар орталық мәдениет сарайында ұйымдастырылған қолөнер шығармашылығы мен суреттер көрмесін тамашалады. Түркістан облысы әкімдігі мен облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы мен аудан және қалалардағы білім бөлімдері ұйымдастырған мектепішілік өнерпаз жеткіншектердің сайысы арнайы кесте арқылы, жоспарлы түрде жүргізіліп, үздіктер іріктеледі.
Фестивальдің нәтижесі алдағы наурыз айында облыс орталығындағы «Ақжайық» музыка мектебінде өтетін гала-концертпен қорытындыланып, жеңімпаздар марапатталмақ.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі