Түркістан облысының 2019 жылдың қорытындысымен әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы.
Түркістан облысының 2019 жылдың қорытындысымен әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы.
2019 жылдың қорытындысымен өңірдің оң серпінді дамуы сақталып, макроэкономикалық көрсеткіштері келесідей болып қалыптасты.
Өнеркәсіп өнімінің көлемі 498,4 млрд. теңгені, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 105,3% құрады (РК – 103,8%, 7 орын). (Жоспар – 100%).
Анықтама:
— кен өндіру өнеркәсібі – 219,7 млрд. теңге, НКИ – 107,3%; — өңдеу өнеркәсібі – 244,7 млрд. теңге, НКИ – 102,8%; — электрмен жабдықтау – 27,1 млрд. теңге, НКИ – 108,7%; — сумен жабдықтау – 7,0 млрд. теңге, НКИ – 132,9%. |
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 629,8 млрд. теңгені, немесе 104,7% құрады (РК – 100,9%, 4 орын). (Жоспар – 103,6%).
Анықтама: Мал шаруашылығы – 271,4 млрд. теңге, 103,6%.
Егін шаруашылығы – 355,3 млрд. теңге, 105,7%. |
Инвестиция көлемі 441,2 млрд. теңгені құрады немесе 138,5% жетті (РК – 108,5%, 2 орын). (Жоспар – 100%).
Құрылыс жұмыстарының көлемі 182,1 млрд. теңгені, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 129,1% құрады (РК – 112,9%, 4 орын). (Жоспар – 102%).
Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 620,4 мың шаршы метрді, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 160% құрады (РК – 104,9%, 1 орын). (Жоспар – 550,6 мың ш.м.).
Тұтыну бағаларының индексі (статистикалық мәліметке сәйкес) 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айы 2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айына 105,1% құрады (РК – 105,3%).
Анықтама: Азық-түлік тауарлар – 108,5% (РК – 108,2%), азық түлік емес тауарлар – 104,8% (РК – 105,7%), ақылы қызметтер – 101,2% (РК – 101,2%) құрады. |
Бөлшек сауда көлемі 164,0 млрд. теңгені, немесе 104,8% (РК – 105,8%, 4 орын). (Жоспар – 107,1%).
Тасылған жүк айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңінен 3,4%-ға артты (РК – 102,2%, 7 орын).
Тасылған жолаушылар саны өткен жылдың сәйкес кезеңінен 103,4% құрады немесе жолаушылар айналымы 8,2%-ға артты (РК – 104,9%, 4 орын).
Байланыс қызметінің көлемі 6,0 млрд. теңгені, немесе 111,3% құрады. (РК – 105,2%, 1 орын).
Жалпы облыстың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің орындалуы осындай болып қалыптасып, межеленген көрсеткіштерге қол жеткізілді.