МӘМС БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ШТАБ ЖЕТЕКШІЛЕРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ
МӘМС БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ШТАБ ЖЕТЕКШІЛЕРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ
Жаңа жылдан елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жұмысын басталғаны белгілі. Қазақстандықтар биылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тіс дәрігеріне жеке емханада тісін тегін емдете алады. Одан бөлек тегін дәрі-дәрмекке қол жетімділік арта түспек. Түркістан облысына биыл амбулаториялық тегін дәрі-дәрмектің 400-ге жуық түрі жеткізіледі.
Жаңа жүйе ауыл медицинасын дамытуға да үлкен қолдау болмақ. Техника жаңартылып, алғашқы санитарлық көмек пен жедел –жәрдем қызметін қаржыландыру артпақ. Денсаулық сақтау вице-министрінің айтуынша, басты мақсат сапалы медициналық көмек көрсету болуы тиіс. Облыстық медициналық ұйымдар өз кезегінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға толығымен дайын.
Түркістан облысы халқының 91,6% — ы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылған. Түркістан облысының «МСҚ» КЕАҚ филиалы 2020 жылға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша40 мемлекеттік және 35 жеке меншік медициналық ұйымдармен келісім — шартқа тұрған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі