ШЫМКЕНТ: МЕРЕКЕЛІК ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ҚАЛЫПТЫ ӨТТІ

ШЫМКЕНТ: МЕРЕКЕЛІК ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ҚАЛЫПТЫ ӨТТІ

Мереке күндері төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері күшейтілген тәртіпте қызмет атқарды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ақпараттық-коммуникация орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық ТЖД басшысының орынбасары Мадияр Жақсыбаев мәлімдеді.

2020 жылғы 1-4 қаңтар күндері аралығында өрт сөндіру бөлімдері 17 рет шақырту бойынша шықты, оның ішінде пиротехникалық заттарды пайдалану салдарынан 3 жану оқиғасы тіркелді. Абырой болғанда зардап шеккендер мен қайтыс болған адамдар жоқ.

ТЖ департаменті қызметкерлердің жүргізген үгіт-насихат жұмыстардың нәтижесі ретінде соңғы 2 жыл ішінде пиротехникалық заттардан зардап шеккен адам тіркемеген. Бұл халық арасында қауіпсіздік мәдениеті жоғарылап келе жатқанын көрсетеді.

Департамент басшысы орынбасарының айтуынша, 2019 жылы осы бағытта 17 рейд жүргізіліп, 10 әкімшілік іс қозғалды, 283 625 теңгеге айыппұл салынған. Сондай-ақ, Полиция департаментінің қызметкерлері рейдтік іс-шара барысында 50 қорап, 2520 пиротехникалық затты тәркілеуге алған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *