ҚАЗАҚСТАНҒА РЕСЕЙДЕН 26 ДӘРІГЕР КЕЛДІ

ҚАЗАҚСТАНҒА РЕСЕЙДЕН 26 ДӘРІГЕР КЕЛДІ

 

 Қазақстанға   Ресейден  26 дәрігер келді. Олар Отандық медицина қызметкерлерімен бірге  індетке қарсы күреседі.  Әрі жергілікті мамандарға  онлайн біліктілік сабақтарын өтеді. Шетелдік ақ халаттылардың 7еуі Шымкентке бөлінген. Олардың 4-еуі инфекционст. Қалған 3еуі анестезиолог реаниматолог мамандар.

 Шетелдік ақ халаттылар Шымкенттегі ауруханаларға бөлініп қызмет етеді. Өз елдеріндегі тәжірибеге сүйене отырып, емдеу ісін жүргізеді. Дәрігерлер  тамыз айының 3-не дейін осында болып, әріптестерімен өзара тәжірибе алмасады. Бұл сапар біз үшін өте маңызды .  қазақсандық дәрігерлердің де біліктілігі жеткілікті. біз тек бірлесіп тәжірибе алмасамыз. Қолдан келгенше індетке қарсы күресеміз, деді   Ресейлік дәрігер Денис Свитков  журналистерге берген сұқбатында.

 Ресейден келген мамандар жұқпалы дертті ауыздықтайтын нағыз кәсіби дәрігерлер. Олар орналасып, өзара кеңесіп болған соң қаладағы ауруханаларға бөлінеді. Айта кетейік, ақ халаттылардың тынымсыз еңбегінің нәтижесінде сырқат саябырсыған.  Соңғы бір аптаның ішінде жедел-жәрдем қызметіне жүгінетін саны 2300 ден 1800-ге төмендеген. Көрші елден келген мамандардың тәжірибесі мен  кеңесі біздің дәрігерлер үшін өте маңызды , дейді Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр.

 

Шымкентте ауруды жою мақсатында күндіз сырқаттың үйіне барып медициналық көмек беретін 56 бригада қосылған. Олар 276 000нан аса адамға диагноз қойып, ем –дом шараларын жүргізуде. Науқастарға тұрғылықты мекен-жайына дәрі-дәрмек жеткізу ісі де оң жолға қойылған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *