Е.АЙТАХАНОВ МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫНЫҢ НЕГІЗСІЗ ӨСУІНЕ ЖОЛ БЕРМЕУДІ ТАПСЫРДЫ

Е.АЙТАХАНОВ МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫНЫҢ НЕГІЗСІЗ ӨСУІНЕ ЖОЛ БЕРМЕУДІ ТАПСЫРДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті.

Мәжілісте үш мәселе қаралды.

Бірінші мәселе, мереке қарсаңында азық-түлік бағаларының негізсіз өсуін болдырмау жөнінде болды. Қала әкімі аталмыш мәселе бойынша тиісті мамандарға нақты тапсырмалар беріп, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін қаланың бірнеше жерінде ұйымдастыру қажеттігін баса айтты.

Екінші мәселе бюджет қаражатының игерілуі жөнінде баяндалды. Ерлан Қуанышұлы жыл соңына дейін барлық басқармалар мен аудан әкімдіктері тиісті қаражаттарды игеру керектігін қатаң тапсырды.

Жиынның күн тәртібіндегі үшінші мәселе атаулы әлеуметтік көмекке енгізілген өзгерістер туралы айтылды.

Келер жылдан бастап мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек жаңа тәртіппен берілетіндігін ескерткен шаһар басшысы тиісті мамандар мен аудан әкімдеріне түсіндірме жұмыстарын әрі қарай да жүйелі жүргізу керектігін айтты.

Аппараттық мәжіліс барысында қала әкімі жаңадан тағайындалған өзінің бірінші орынбасары Мұрат Әйтеновты таныстырды.

Сондай-ақ, Рашид Мамытұлы Мыңбаев Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы болып таныстырылды.

 

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *