Шымкент полицейлері үш тәулік ішінде 48 пәтер ұрлығын ашты

Шымкент полицейлері үш тәулік ішінде 48 пәтер ұрлығын ашты

 

Ағымдағы жылдың 13-15 мамыр аралығында Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала аумағында пәтер ұрлықтарын ашу мақсатында «Пәтер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Ондағы мақсат жүргізіліп жатқан шаралардың тиімділігін арттыру болатын.

Аталмыш іс-шараны жоғары деңгейде өткізу үшін Криминалды полиция, Әкімшілік полиция, Жедел-криминалистикалық басқармаларының қызметкерлерінен жасақталған жұмыс тобы құрылып, олар бекітілген  жоспар бойынша жұмыс істеді.

Жедел-профилактикалық іс-шара қала аумағын толық қамтып, үш күндік рейд барысының нәтижесінде 48 пәтер ұрлығы ашылып отыр.

Пәтер ұрлықтарына қатысты жедел-іздестіру іс-шаралары жалғасуда.

Шымкент қ. ПД-нің Баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *