ДАУЫЛ-АСУДАҒЫ АРПАЛЫС
Шымкенттік құтқарушылар авариялық-құтқару
жұмыстарын жүргізді
Түлкібас ауданында метеорологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты 21.12. 14-30-дан бастап республикалық маңызы бар «Алматы — Шымкент» автожолында 593-632 шақырымда автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылған. Боран мен бұрқасын салдарынан автожолдардағы нөлдік көріну болды. Көктайғақ салдарынан автожолдарда авариялардың, электрсымдарының, байланыстың үзілуі қаупі артты.
Ауа райының нашарлауына байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Түркістан облысы Түлкібас ауданы Шакпак баба ауылына «ӨС және АҚЖҚ» ММ 9 қызметкерлері және 3 бірлік техникасы шықты: «Урал» вахталық машина — 2 бірлік, Трэкол – 1 бірлік.
21-22 желтоқсан аралығында Өрт сөндіру қызметінің мамандандырылған және жедел-құтқару жасақтарының күшімен Түлкібас ауданы Шақпақ баба асуында ававриялық-құтқару жұмыстары жүргізілді. Қар үйінділерінен тазартылған жерге 12 техника шығарылды, 16 адам эвакуацияланды, 66 адам вахта машинасында жылынып алды.
2019 жылдың 22-23 желтоқсаны аралығында Бәйдібек ауданына бағыт бойынша автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыстың шектелуіне байланысты жедел-құтқару жасағының құтқарушылары құтқару жұмыстарын жүргізді. Бәйдібек ауданы Алмалы ауылдық округінің Бәйдібек елді мекенінен құтқарушылар 1975 ж. т. азаматшаны және 2018 ж. т. баланы 35 км қашықтықта орналасқан жылыту пунктіне дейін жеткізді, ол жерде оларды жедел медициналық жәрдем күтіп алды. Қазіргі уақытта науқастар Шаян елді мекеніндегі ауруханаға жеткізілді және дәрігерлердің бақылауында.
Шымкент қ.ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы