ДАУЫЛДЫҢ САЛДАРЫ
Шымкент қаласында ауа райының өзгеруіне байланысты ақпарат
2019 жылғы 20 желтоқсанда Шымкент қаласында күшті жел туралы дауылды алдын алу ескерту жарияланған. Соның салдарынан 20-21 желтоқсан аралығында сағат 21:00 ден 07:00 ге дейін Шымкент қаласында электр жүйелері зақымдалып, Пахтакор, Самал-3, Қызылсай, Кайтпас-2, Жаңа талап, 4 –ші мөлтек аудандары мен Акжар, Кайнар бұлақ саяжайларында,Откормсовхоз елді мекенінде жарық сөндірілген. Сонымен қатар, Байтұрсынов көшесінде, Солтүстік, Нұрсат мөлтек аудандарында бірнеше үйдің жалпы көлемі 240 ш.м. шатырлары ұшқан. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Оқиға орын алған жерлерде Шымкент қ.ТЖ департаментінің және жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері бірлесіп жұмыс атқарылды.
Сондай-ақ, 21.12. сағат 16-00 электр елілердің үзілуіне байланысты Қайтпас-1, Нұрсәт, Нұртас, Асар, Солтүстік-батыс мөлтек аудандарында электр қуаты сөндірілгені туралы хабар келіп түскен. Кешкі сағат 19.00-ге барлық мөлтек аудандар электр желілері іске қосылды.
Шымкент қ. Тұрғындарын дауылды алдын алу ескертулерге назар аударуды сұранамыз. 21.12. сағат 22:20-дан бастап республикалық маңызы бар «Алматы-Ташкент-Термез» (705-755 км, Шымкент қаласынан Қазығұрт ауданының Жіңішке елді мекеніне дейін) тас жолында метеорологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты (көрінуі 0 м., бұрқасын жел, көктайғақ, боран) барлық автомобиль көліктеріне жол жабылған. Таңертен сағат 08.30-дан бастап бұл бағыттағы жол ашылды.
21.12. сағат 14:30-дан бастап республикалық маңызы бар «Алматы-Шымкент» (593-632 км, Түлкібас ауданы) тас жолында метеорологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты (көрінуі 0 м., бұрқасын жел, көктайғақ, боран) барлық автомобиль көліктеріне жол жабылды. Бұл бағытта жол ашылған жоқ. Қала тұрғындарын бұл бағытта жолға шықпауға ескертеміз.
Шымкент қ.ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы