«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн»
Шымкент қаласының полицейлері «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» атты кең ауқымды акция аясында отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл бойынша ақпараттық-консультациялық іс-шаралар өткізуде
Ағымдағы жылдың 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз16 күн» акциясы өткізілуде.
Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының әйелдер құқығын зорлық-зомбылықтан қорғау тобының қызметкерлері жергілікті тұрғындармен кездесіп, тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбына әңгіме өткізді.
Тұрғындарға қолданыстағы заңнаманың ережелері, атап айтқанда, ұрып-соғу үшін жауапкершілік, сондай-ақ оған қатысты отбасында зорлық-зомбылық жасалған жағдайда әйел үшін іс-әрекет алгоритмі түсіндірілді.
Кездесу барысында барлық қатысушыларға жадынамалар, ақпараттық буклеттер, ІІМ-нің «сенім телефондары» және отбасындағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арналған дағдарыс орталығының байланыс телефон нөмірлерімен брошюралар табысталды.
Барлық қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі