ШЫМКЕНТ: Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырлды

ШЫМКЕНТ: Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырлды

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ЕРЛАН АЙТАХАНОВ: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қоғам болып атсалысуымыз керек»

Үшінші мегаполисте «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру: қоғаммен байланыс» тақырыбында қалалық форум өтті. Ерлан Қуанышұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қоғамның барлық өкілдері атсалысуы қажет екенін атап өтті.

Форумда Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының тапсырысы бойынша «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру қызметін ұйымдастыруға арналған іс-шараларды өткізу» жобасы аясында атқарылған жұмыстар қорытындыланды. Форумға мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, «Nur Otan» партиясының қалалық және аудандық филиалдарының өкілдері, Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының басшылары мен студенттері қатысты.

Форумда «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында Шымкент қаласында мерзімді басылымдар журналистері арасындағы, бейнероликтер байқауының, жоғары оқу орындары студенттері арасында өткізілген пікірсайыс және эссе байқауларының жеңімпаздары марапатталды. Жеңімпаздарға қала әкімінің арнайы дипломы табыс етілді.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға атсалысқан белсенді азаматтар ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Алғыс хатына ие болды.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *