Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Федералдық Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен келіссөз жүргізді
Берлинде ресми сапармен жүрген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Федералдық Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесті.
Сәлемдесу және суретке түсу рәсімінен кейін Мемлекеттер басшылары «Бельвю» мемлекеттік резиденциясына барды. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев Құрметті қонақтар кітабына қолтаңбасын қалдырды.
Содан кейін екі елдің президенттері келіссөз жүргізіп, өзара қызығушылық тудыратын ауқымды мәселелерді қарастырды.
Қазақстан Президенті екі мемлекетті достық қарым-қатынастар байланыстыратынын атап өтіп, Еуропа одағына мүше мемлекеттер ішінде өзінің алғашқы ресми сапарын Германиядан бастағанын айтты.
Франк-Вальтер Штайнмайер аталған сапары үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, Қазақстан мен Германияның ынтымақтастығын одан әрі дамыту үшін жүргізілген келіссөздердің маңыздылығын атап өтті.
http://www.akorda.kz/kz/events/international_community/foreign_visits/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaev-germaniyanyn-federaldyk-prezidenti-frank-valter-shtainmaiermen-kelissoz-zhurgizdi