ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА 340 МЫҢНАН АСТАМ ВАКЦИНА ЖЕТКІЗІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА 340 МЫҢНАН АСТАМ ВАКЦИНА ЖЕТКІЗІЛДІ
Түркістан облысына 90 000 доза көлемінде «QazVac» және 250 мыңнан астам «Синофарм» вакцинасы жеткізілді. Өңірде екпе егу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Бұл туралы Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Алтын Досанова брифингте мәлімдеді.
«Облыс аумағында 150 екпе қабылдау бекеті жұмыс істейді. Эпидемиологиялық ахуал бойынша облысымыз жасыл аймақта. Соңғы тәулікте КВИ-дің 34 жағдайы анықталды. Қазіргі таңда 183 мыңнан астам азамат ревакцинация алған. Жалпы пандемия белең алғалы КВИ-дің 18 318 жағдайы анықталды. Сондай-ақ, бүгінге дейін 1 220 325 ПТР сынамасы алынған», — деді Алтын Мейрамбайқызы.
Жалпы Түркістан облысында «Pfizer» вакцинасының І компонентімен – 157 797 адам, II компонентімен – 80 560 адам егілді. Сондай-ақ, сақтық шараларын сақтау мақсатында медициналық ұйымдар 2 айлық резервтік дәрілік заттармен қамтылған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникация қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *