Е.АЙТАХАНОВ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Е.АЙТАХАНОВ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов «Nur Otan» партиясының қалалық филиалының ғимаратында тұрғындармен кезекті қоғамдық қабылдау өткізді.

Әкіммен айына екі рет өтетін қоғамдық қабылдауға келген азаматтар мазалап жүрген мәселелерін айтып, шешілуіне ықпал етуін сұрады. Олар жұмыспен қамту, жалақы мәселесі, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі туралы мәселені көтерсе, енді бірі елдімекендерге жолаушылар тасымалын ұйымдастыру және жеке кәсіпті дамыту жөнінде сауалдарын қойды.

Тұрғындардың көкейтесті мәселесін тыңдаған шаһар басшысы тиісті мемлекеттік мекеме басшыларына туындаған мәселелерді заңнама аясында шешуге нақты тапсырмалар жүктеді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *