МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ЖОСПАРЫ 5,3 МЛРД ТЕҢГЕГЕ АСЫРА ОРЫНДАЛДЫ
МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ЖОСПАРЫ 5,3 МЛРД ТЕҢГЕГЕ АСЫРА ОРЫНДАЛДЫ
Бұл туралы бүгінгі баспасөз брифингінде Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Н. Көшеров мәлімдеді. Оның ішінде: Республикалық бюджет жоспары 102%-ға, яғни 1,4 млрд.тг. асыра орындалды. Жергілікті бюджет жоспары 106% орындалды немесе 3,9 млрд.тг. артығымен қамтамасыз етілгендігін жеткізді департамент басшысы (жоспар 69,2 млрд.тг, нақты түсім 73,1 млрд.тг).