Елбасы Жоғарғы cот Төрағасы Жақып Асановты қабылдады

Елбасы Жоғарғы cот Төрағасы Жақып Асановты қабылдады

Кездесу барысында соттар мен жалпы сот жүйесін реформалау нәтижелері талқыланды.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті заң үстемдігін қамтамасыз ету және халықтың сотқа деген сенімін арттыру бойынша іс-шараларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

— Жасалып жатқан жұмыстың бағыты дұрыс. Бүгінгі таңда судьялар алдында күрделі міндеттер тұр. Халық әділдік іздеп сотқа жүгінеді. Ең бастысы – сот әділдігін қамтамасыз ету. Барлығы заң аясында болуы шарт, — деді Елбасы.

https://elbasy.kz/kk/news/2019-11/elbasy-zhogargy-cot-toragasy-zhakyp-asanovty-kabyldady

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *